Ақмола облысының Зеренді ауданында К-700 тракторы аударылып, оның жүргізушісі қаза тапты. Тракторшының қайтыс болғанын 15 қарашада Ақмола облысының полиция департаменті NUR.KZ сауалына берген жауабында растады.
«14 қарашада Зеренді ауданында, Елікті ауылының маңында К-700 маркалы трактор аударылды. Оқиға салдарынан жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген полицияның түсініктемесінде.
Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Қаза тапқан адамның есімі мен жасын, сондай-ақ трактордың неліктен аударылғанын полиция атаған жоқ.
Қайғылы оқиға туралы алғаш өңірлік nayza_kokshe Instagram-парақшасы хабарлады — жарияланымда аударылған трактор жатқан жердің кадрлары көрсетілген.



