Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

«Барыс» қақпашы Николаевты «Трактордан» 1000 рубльге алуы мүмкін

Николаев КХЛ-дегі 13 ойында соққылардың небәрі 87,5%-ын қайтарған америкалық Хантер Шепардтың орнын басуға тиіс.

Вратарь Дмитрий Николаев
Фото: соцсети Дмитрия Николаева

Астананың «Барыс» клубы Челябінің «Трактор» командасынан ресейлік қақпашы Дмитрий Николаевты алуы мүмкін. Бұл ауысу туралы 12 қарашада алғаш болып «Роганов Хоккей» телеграм-арнасы жазды, кейін бұл ақпаратты инсайдер Артур Хайруллин растады. «Сила Спорта» басылымының дерегінше, «Трактор» қақпашыны символдық 1000 рубльге береді — бұл Ұлттық банк бағамы бойынша шамамен 5370 теңге. Клубтар мәмілені әзірге ресми түрде жарияламады.

Николаев америкалық Хантер Шепардтың орнын басуға тиіс. Күндіз «Спорт-Экспресс» «Барыстың» Шепардпен қоштасатынын және оған алмастырушы тауып қойғанын хабарлаған, бірақ жаңа ойыншының аты ол кезде аталмаған еді. «Роганов Хоккей» дерегінше, астаналықтар америкалықпен келісімшартты бұзады. 31 жастағы Шепард КХЛ-дегі 13 ойында соққылардың небәрі 87,5%-ын қайтарса, оның әріптесі Андрей Шутовта бұл көрсеткіш 93,6% болып отыр.

26 жастағы Николаев «Тракторға» 2026 жылғы қаңтарда Мәскеудің «Спартак» клубынан ауысқан. Сол арнаның дерегінше, Челябіде ол жасырын жалға алу негізінде ойнаған, ал қақпашының тағдырын «Спартак» басшылығы шешкен. КХЛ-дің биылғы маусымында Николаев 10 ойын өткізіп, оның алтауында жеңіске жетті, соққылардың 92,8%-ын қайтарып жүр, сенімділік коэффициенті — 2,20. 2022 жылғы мамырда ол Ресей құрамасы мен Беларусь арасындағы жолдастық кездесуде (5:2) гол соққан.

«Роганов Хоккей» телеграм-арнасы ауысу туралы былай жазды:

«Барыс» үй алаңындағы шағын сериясына қатарынан үш рет жеңіліп келді және 24 ойыннан кейін 25 ұпаймен Шығыс конференциясында сегізінші орында тұрған еді. 12 қарашада кешке команда Астанада «Адмиралды» қабылдайды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз