Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Талдықорғандағы бесқабатты үйде өрт шығып, 12 адам эвакуацияланды

ТЖМ-нің алдын ала дерегінше, өрт аз калориялы тұтану көзінен, шамасы, сіріңкеден шыққан.

Пожар в квартире пятиэтажного дома в Талдыкоргане, кадр из видео МЧС
Фото: МЧС РК

Талдықорғанның Жастар шағын ауданындағы бесқабатты тұрғын үйде 12 қарашада пәтер өртенді. Үйден 12 адам эвакуацияланды, өрт сөндірілді. ТЖМ зардап шеккендер туралы хабарлаған жоқ.

Өрт туралы хабар 112 нөміріне түсті, өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғарылатылған нөмірі бойынша шықты. Пәтердің жатын бөлмесі өртеніп, жалын 10 шаршы метрді шарпыды. Он тұрғын өрт сөндірушілер жеткенге дейін үйден өздері шығып үлгерді, тағы екі адамды құтқарушылар баспалдақ арқылы алып шықты.

ТЖМ оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны Telegram-да жариялады:

Алдын ала деректер бойынша, өрт аз калориялы тұтану көзінен, шамасы, сіріңкеден шыққан. ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салып, өрт шыққан жағдайда бірден 112-ге хабарласуды сұрады.

Бұл – Талдықорғандағы көпқабатты үйде бір апта ішінде шыққан екінші өрт. 8 қарашада қаладағы тоғыз қабатты үйдің балкондары өртеніп, өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарған, тағы 35 тұрғын, оның ішінде 11 бала, үйден өздері шығып кеткен. Ал осы аптада Шымкентте бесқабатты үйдегі пәтерде шыққан өртте 67 жастағы ер адам қаза тапты: қалалық ТЖД мәліметінше, құтқарушылар ол үйден сегіз тұрғынды, оның ішінде бір баланы алып шыққан. Бұл дерек бойынша ҚК-нің 292-бабының 2-бөлігімен, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз