Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Team Spirit пен molodoy ойнайтын FURIA BLAST Rivals жартылай финалына шықты

FURIA-ға қарсы шешуші картада француздық Vitality бірде-бір раунд ұта алмады — Counter-Strike 2-де онымен мұндай жағдай алғаш рет болды.

Трофей турнира BLAST по Counter-Strike 2
Фото: Pley.gg

Team Spirit және қазақстандық Данил molodoy Голубенко ойнайтын FURIA Гонконгте өтіп жатқан BLAST Rivals турнирінің жартылай финалына тікелей шықты. Бұл — Counter-Strike 2 бойынша ең жоғары деңгейдегі турнир, жүлде қоры — 1 млн доллар (шамамен 444 млн теңге). HLTV хабарлауынша, 12 қарашада екі команда да өз топтарындағы шешуші матчтарда 2:1 есебімен жеңді: FURIA Vitality-ді, ал Spirit G2-ні ұтты.

FURIA Vitality-ге алғашқы картаны, Inferno-ны, 5:13 есебімен беріп қойды, кейін Dust2-ні (13:10) жұлып алды, ал шешуші Mirage картасында 13:0 есебімен жеңді. HLTV мәліметінше, Vitality Counter-Strike 2-де алғаш рет бірде-бір раунд ұтпай картадан жеңілді. FURIA құрамында ең үздік ойынды 1,26 рейтингпен molodoy көрсетті, ал Vitality жұлдызы Матьё ZywOo Эрбо өзі үшін әлсіз серия өткізді — 0,72.

Spirit те G2-мен матчта алғашқы картаны, Mirage-ды, ұтқызып алды, бірақ кейін Nuke (13:6) пен Ancient карталарын жеңіп алды. Серияның үздік ойыншысы Spirit снайпері Дмитрий sh1ro Соколов болды (рейтингі 1,29). Бір күн бұрын топтағы алғашқы матчта Spirit FUT командасына Nuke картасында 0:13 есебімен жеңілді — Counter-Strike 2-де команда алғаш рет картада бірде-бір раунд ұта алмады. Соған қарамастан Spirit серияны 2:1 есебімен жеңді, ал Данил donk Крышковец 1,59 рейтинг жинады. «Бұл жай ғана шабуыл жағындағы өте нашар ойын болды», — деді donk ұтылған карта туралы.

Плей-офф 13 қарашада ширек финалдардан басталады: Vitality MOUZ-бен, G2 Falcons-пен ойнайды. 14 қарашада Spirit Vitality — MOUZ жұбының жеңімпазымен, ал FURIA G2 — Falcons матчының жеңімпазымен кездеседі. Финал 15 қарашада картадағы үш жеңіске дейін өтеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз