Мазмұнға өту

«Барыс» «Амурға» жеңіліп, қатарынан үшінші рет ұтылды

Хабаровск командасының қақпашысы Александр Трушков астаналықтардың 36 соққысының бәрін қайтарып, қақпасын таза сақтады.

Хоккеисты «Амура» и «Барыса» в матче КХЛ в Хабаровске

Астананың «Барыс» клубы КХЛ тұрақты чемпионатының матчында Хабаровскінің «Амур» командасына 0:2 есебімен жеңілді. Ойын 8 қарашада Хабаровскідегі «Платинум Аренада» өтті. Қазақстан клубы қатарынан үшінші рет ұтылды, ал бұл кездесумен ұзаққа созылған қонақтағы сапары аяқталды.

Бірінші кезеңде гол болған жоқ. 38-минутта қожайындар көпшілік құрамда ойнап, есепті ашты. «Барыстың» америкалық қақпашысы Хантер Шепард Виталий Абрамовтың жақын қашықтықтан жіберген соққысын қайтарды, бірақ шайбаны Олег Ли қақпаға қайта соғып жіберді. Бұл голға Лихачев те көмектесті. Сирена шырылдауына тоғыз секунд қалғанда Кирилл Ураков Петковтың пасынан кейін бос қақпаға шайба кіргізіп, есепті 2:0-ге жеткізді.

«Амурдың» қақпашысы Александр Трушков астаналықтардың 36 соққысының бәрін қайтарды. Осы ойыннан кейін екі команданың да ұпайы 25-ке жетті. «Амур» Шығыс конференциясында төртінші орынға көтерілді, ал «Барыс» бесінші орынға түсті. Астана клубы плей-офф аймағынан тыс қалмауы үшін тек екі ұпай артықшылығын сақтап тұр.

«Барыс» осы маусымда хабаровскілік командаға үшінші рет ұтылды. Тоғыз матчтан тұратын қонақтағы сапар да сәтсіз өтті: команда үш кездесуде жеңіп, алтауында жеңілді. «Барыс Аренада» күрестен әлем чемпионаты өткендіктен, клуб үш аптадан астам уақыт сырт алаңдарда ойнады.

Хабаровскідегі ойынға дейін астаналықтар Челябінің «Тракторына» жеңілген, ал одан кейін екі шайбалық артықшылығынан айырылып, Владивостоктың «Адмиралына» ұтылған еді. «Барыс» келесі матчын 12 қарашада өз алаңында өткізеді, қарсыласы тағы да «Адмирал» болады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз