Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Шымкенттің Жаңаталап алабында бесінші жедел қызметтер кешені ашылды

2027 жылы мұндай кешендерді Базарқақпа, Қайнарбұлақ және Ақжар алаптарында да салу жоспарланған.

Открытие комплекса экстренных служб в жилом массиве Жанаталап в Шымкенте
Фото: акимат Шымкента

Шымкенттегі Жаңаталап тұрғын алабында 11 қарашада қаладағы бесінші әмбебап жедел қызметтер кешені жұмысын бастады. Бір шаңырақ астында № 14 өрт сөндіру бөлімі, учаскелік полиция инспекторлары отыратын полиция бекеті және жедел медициналық жәрдем пункті орналасты. Кешен Жаңаталап, «Тәуелсіздікке 20 жыл», Алтынтөбе және Көкбұлақ алаптарына қызмет көрсетеді — онда 11 200-ге жуық адам тұрады.

Бұған дейін ең жақын өрт сөндіру бөлімі Жаңаталапқа 20–25 минутта жететін. Норматив бойынша құтқарушылар 10 минуттан кешікпей келуі керек, ал бөлім қызмет көрсететін аумақтан үш шақырымнан алыс болмауға тиіс. Әкімдік жаңа кешен өрт пен басқа да төтенше жағдайларға жедел әрекет етуді тездетеді деп күтеді.

Кешен жеті айда салынды. Онда құтқарушыларға арналған қызметтік және жатын бөлмелер, газ-түтіннен қорғау қызметінің бекеті, оқу сыныбы, асхана, оқу-жаттығу мұнарасы, спорт алаңы, екі арнайы көлікке арналған гараж және техника қоятын қалқалар бар. Нысан ТЖМ бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен салынды, оны Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов пен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков ашты. «Ешкім қиын жағдайда жалғыз қалмайтындай жағдай жасауымыз керек», — деді әкім.

Мұндай кешендер Елтай, Таскен, Сәуле алаптарында және Бозарық-3 шағынауданында жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін Тұран шағынауданында төрт көлікке арналған өрт депосының құрылысын аяқтау, ал 2027 жылы Базарқақпа, Қайнарбұлақ және Ақжар тұрғын алаптарында тағы үш кешен салу жоспарланып отыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз