Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

АПВ-ға қарсы вакцинаны 360 мыңнан астам қыз бала алды

2026 жылғы мамырдан бастап мемлекет 11–13 жастағы қыздармен қатар 14–17 жастағы жасөспірім қыздарды да ата-анасының келісімімен тегін егеді.

Медик делает девочке прививку от вируса папилломы человека

Қазақстанда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 360 мыңнан астам қыз бала алды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Екпе вирустың жатыр мойны обырының басым бөлігін тудыратын ең қауіпті түрлерінен қорғайды және болашақта ауруға шалдығу қаупін едәуір азайтады.

2024 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 12 қазанға дейін 11–13 жастағы 301,7 мыңнан астам қыз вакцинаның бірінші дозасын, 196,6 мыңы екінші дозасын алды. 2026 жылғы мамырда бағдарламаға қосылған 14–17 жастағы қыздар арасында бірінші дозаны шамамен 58,6 мың, екінші дозаны 19,1 мың адам алды.

Вакцинация мемлекет есебінен жүргізіледі және ерікті түрде өтеді: екпе салу үшін ата-ананың немесе заңды өкілдің келісімі қажет. Толық ақпаратты тіркелген емханадан алуға болады. Мониторинг деректері бойынша, екпе алған қыздарда иммундаудан кейінгі жағымсыз көріністер тіркелмеген.

Қазақстанда 11–13 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы жоспарлы егу 2024 жылғы қыркүйекте басталды. 2026 жылғы мамырда Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер бағдарламаны 14–17 жастағы қыздарға кеңейтті. Науқанның барысын өңірлер де қадағалап отыр: мысалы, Алматыда 11–13 жастағы 15 мыңнан астам қыз егілген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз