Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Алматыда 15 қарашада City Run жүгірісі кезінде орталық көшелер жабылады

Маршруттағы көшелер жүгірушілер өткен сайын ашылады: ең алдымен, 08:35-те, Құрманғазы көшесі ашылады.

Забег City Run в Алматы
Фото: пресс-служба акимата Алматы

15 қарашада, жексенбіде, Алматы орталығындағы бірнеше көше City Run маусымының қорытынды жүгірісіне байланысты жабылады. Старт пен мәре «Астана» алаңында болатындықтан, Төле би даңғылы Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі аралықта сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін екі бағытта да жабылады.

Сағат 08:00-ден бастап жүгіріс маршрутындағы мына учаскелер толық жабылады:

  • Төле би даңғылы — Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейін, 10:00-ге дейін;
  • Наурызбай батыр көшесі — Төле би даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейін, 10:00-ге дейін;
  • Бөгенбай батыр көшесі — Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейін, 09:35-ке дейін;
  • Қабанбай батыр көшесі — сол аралықта, 09:15-ке дейін;
  • Шевченко көшесі — сол аралықта, 08:55-ке дейін;
  • Құрманғазы көшесі — сол аралықта, 08:35-ке дейін.

Көшелер жүгірушілер учаскелерден өткен сайын кезекпен ашылады. Маршруттың жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысы 08:00-ден 10:00-ге дейін ішінара шектеледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, уақыт қатысушылардың трасса бойына қалай бөлінетіні ескеріліп есептелген. Автобустардың қозғалыс сызбасы өзгеретіні туралы әзірге хабарланған жоқ.

Жүгірісті «Смелость быть первым» корпоративтік қоры қала әкімдігінің қолдауымен өткізеді. Старт сызығына 20-дан астам елден 2500-ге жуық адам шығады. Жүгірушілер 10 шақырымдық қашықтыққа сағат 08:00-де, ал 5 шақырымдық скандинавиялық жүріске қатысушылар 08:10-да старт алады.

Ұйымдастырушылар зерттеу деректерін келтіріп отыр: 2026 жылы қордың Алматыдағы жүгірістері қалаға 20,63 млрд теңге экономикалық әсер берген, оның 3,67 млрд теңгесі — салық. Басқа қалалар мен шетелден келген қатысушылар жүгірушілердің шамамен бестен бірін ғана құраса да, шығынның төрттен үшіне жуығы солардың үлесіне тиген. Шетелдіктердің 87%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз