Ақмола облысында 2026 жылғы 15 қарашада Lexus жол талғамайтын көлігі тасжолдан шығып, бірнеше рет аударылды. Апат Азат — Степногор жолының 29-шақырымында болды. Бес адам — жүргізуші мен төрт жолаушы зардап шекті, деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші жолдың тайғақ бөлігінде көлікті басқара алмай қалған. Көлік жол жиегіндегі арыққа ұшып түсіп, бірнеше рет аударылған.
Зардап шеккендердің бәрі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Олардың жай-күйі туралы полиция хабарлаған жоқ.
Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Процестік шешім оның қорытындысы бойынша қабылданады.
Қазір елдің солтүстігіндегі жолдар тайғақ: синоптиктер 16 қарашада да бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болатынын ескертіп отыр. Сол күні Ақмола облысында К-700 тракторы аударылып, оның жүргізушісі қаза тапты. Ал Қостанай облысындағы тасжолда екі көлік бүйірімен соқтығысып, төрт адам ауруханаға түсті.



