Мазмұнға өту
2026 жылғы 15 қараша, жексенбі

Алмаз Нұрғали IBA Nomad белдігін алғаш рет қорғайды

Үміткер атанған тәжікстандық Асрор Ақпарходжаев соңғы жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұловты жеңген.

Алмаз Нургали и Асрор Акпарходжаев проведут бой за титул IBA Nomad 12 декабря в Алматы
Фото: Sports.kz

Қазақстандық Алмаз Нұрғали 12 желтоқсанда Алматыда IBA Nomad лигасының чемпиондық белдігін алғаш рет қорғайды. Оның қарсыласы — Тәжікстаннан келген Асрор Ақпарходжаев. Жекпе-жекті Nomad Fighting промоушені ресми түрде жариялады.

IBA Nomad — Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Nomad Fighting промоушенінің бірлескен турнирлер сериясы. Мұнда спортшылар бокс ережесімен, бірақ аралас жекпе-жекке арналған қолғаппен шығады.

Ұйымдастырушылар жекпе-жектің афишасын Instagram-да жариялады:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Нұрғали чемпиондық атақты 28 тамызда Астанада жеңіп алды. International Boxing Day турнирінде өткен бес раундтық реваншта ол Айдос Жаппарбергеновты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді. Екеуінің 2025 жылғы мамырдағы алғашқы кездесуі даулы тең нәтижемен аяқталып, белдік сол кезде Жаппарбергеновта қалған еді. Реванш алдында Нұрғали Торғынбек Әміровты ұтты. Әміров ол кезде өз салмағында BoxRec рейтингін бастап тұрған және RCC Hard белдігінің иесі болатын.

Ақпарходжаев үшін бұл — лигадағы екінші титулдық жекпе-жек. Сәуірде Алматыда өткен IBA Nomad 14 турнирінде ол Жаппарбергеновқа жеңілген. Ал 17 қазанда Ташкентте тәжікстандық спортшы UFC-дің бұрынғы жауынгері Жалғас Жұмағұловты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз