Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Грузия Kyzdar.net ісі бойынша күдікті әйелді Қазақстанға ұстап берді

Тергеу нұсқасы бойынша, әйел сайттағы анкеталарды жылжыту үшін ақша жинап, бір бөлігін өзіне қалдырған, қалғанын ұйымдастырушыларға аударған.

Кадр видео Генпрокуратуры об экстрадиции подозреваемой по делу Kyzdar.net из Грузии
Кадр видео: Генпрокуратура РК

Бас прокуратура 12 қарашада Грузиядан Өзбекстан азаматшасы экстрадицияланғанын хабарлады. Ол Kyzdar.net сайтымен байланысты трансұлттық қылмыстық топ құрамында жеңгетайлыққа барды деген күдікке ілініп отыр. Әйел Грузияда шілде айында ұсталған, қазір тергеу изоляторында. Оған мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

Тергеу мәліметінше, күдікті жезөкшелікпен айналысатын адамдардан ақша қабылдап, хабарландырулары жоғары көтерілуі үшін олардың сайттағы анкеталарының балансын толықтырып отырған. Топ мүшелері соманың бір бөлігін комиссия ретінде өздеріне қалдырып, қалғанын ресурсты ұйымдастырушыларға аударған. Топтың бір бөлігі сотталғаннан кейін әйел бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Оны ұстап беруге Бас прокуратура мен Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің көмегімен қол жеткізді.

Экстрадиция видеосын Бас прокуратура өзінің Telegram-арнасында жариялады:

ІІМ мәліметінше, Kyzdar.net жеңгетайлықты жарнамалау үшін пайдаланылған, сайтта 9 мыңға жуық анкета орналастырылған. Маусымда полиция сайттың ұйымдастырушылары мен бенефициарларын ұстады. Жазда Петропавлда осы іс бойынша алғашқы үкім шықты: қылмыстық топты ұйымдастырушы 10 жылға, бес негізгі менеджер 8 жылдан бас бостандығынан айырылды. Сот шешім шығарғанға дейін экстрадицияланған әйел күдікті болып саналады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз