Мазмұнға өту

BTS әншісі Чонгук GOLDEN альбомымен Spotify-да рекорд жасады

STARNEWS мәліметінше, альбом Spotify-да 7,6 млрд-тан астам рет тыңдалып, азиялық әншінің студиялық альбомы үшін рекорд орнатты.

Чонгук из BTS
Фото: STARNEWS

BTS тобының мүшесі Чонгуктың жеке альбомы GOLDEN Spotify-дың апталық әлемдік альбомдар чартында қатарынан 156 апта, яғни үш жыл тұрды. Оңтүстік кореялық STARNEWS басылымының хабарлауынша, бұл — Азиядан шыққан жеке орындаушылар арасындағы рекорд.

30 қазан мен 5 қараша аралығындағы жаңа Weekly Top Albums Global чартында GOLDEN 200-орынға тұрақтады. Альбом Spotify-да барлығы 7,6 млрд-тан астам рет тыңдалған. STARNEWS мәліметінше, бұл азиялық әншінің студиялық альбомы үшін рекорд: бұл межеге әлі ешкім жетпеген.

Чонгуктың әндері де миллиардтаған рет тыңдалып жатыр. Ол жеке әнші ретінде дебют жасаған Seven синглы 3,13 млрд рет тыңдалды. Standing Next to You әні 1,54 млрд, 3D мен Left and Right 1,22 млрд-тан тыңдалым жинады. 2022 жылы Катарда өткен футболдан әлем чемпионатының әні Dreamers 560 млн, Still With You 520 млн, Stay Alive 400 млн рет тыңдалған. Spotify-дағы Чонгук парақшасында барлығы 11,6 млрд-тан астам тыңдалым бар.

Чонгуктың рэпер Латтомен бірге жазған Seven әніне түсірілген ресми клипі:

Чонгук — BTS тобының ең кенже мүшесі. GOLDEN 2023 жылғы қарашада, ол міндетті әскери борышын өтеуге аттанар алдында шықты. Әскерден кейін Чонгук топқа оралды: 2026 жылғы наурызда BTS ARIRANG альбомын шығарды, ол топқа Spotify-да бір жылда 10 млрд тыңдалым жинауға көмектесті. Қазір топ ARIRANG әлемдік турымен гастрольде жүр, 19 қарашада BTS Тайваньның Гаосюн қаласында өнер көрсетеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз