Мазмұнға өту

Оңтүстікте 270 шақырымға жуық арнаға су датчиктері орнатылды

Датчиктер Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында, әсіресе суару маусымында, егістікке қанша су жіберілетінін есептейді.

Автоматический уровнемер на ирригационном канале на юге Казахстана
Фото: Министерство водных ресурсов и ирригации РК

Су ресурстары және ирригация министрлігі Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы жалпы ұзындығы 267,6 шақырым суару арналарын автоматтандыруды аяқтады. Арналарға судың деңгейі мен шығынын өлшейтін құрылғылар орнатылды.

Жұмыстың басым бөлігі Жамбыл облысына тиесілі. Мұнда Сол жағалау және Фурманов айналма арналарына, сондай-ақ «Базарбай» арнасына ультрадыбыстық су шығынын өлшегіштер мен радарлық деңгей өлшегіштер қойылды — барлығы 156,5 шақырым. Түркістан және Қызылорда облыстарында ұзындығы 112,1 шақырым болатын төрт магистральдық арнаға автоматты деңгей өлшегіштер орнатылды: Д. Алтынбеков атындағы арна, Үлкен Келес магистральдық арнасы, Қызылорда гидроторабының Оң жағалау магистральдық арнасы және «Байқадам» арнасы.

Министрліктің цифрландыру департаментінің директоры Ердаулет Жұматтың айтуынша, құрылғылар суды дәл есепке алып, әсіресе вегетация кезеңінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде елде су қорын басқарудың бірыңғай жүйесі қалыптасып, суды бөлу ашық әрі айқын болмақ.

Бұл — оңтүстіктегі арналарды ауқымды жаңғыртудың бір бөлігі. Онда жалпы ұзындығы 857 шақырым, 65 мың гектар жерді суаратын 103 суару арнасы, сондай-ақ бұрын қайта жөнделген, жалпы ұзындығы 1184 шақырым болатын 270 арна автоматтандырылып жатыр. Мемлекет суды үнемдеуге де қаржы бөліп отыр: 2026–2028 жылдары суды үнемдейтін суаруға 214,6 млрд теңге қарастырылған, ал Су министрлігі рұқсатсыз су пайдаланғаны үшін төлемді көтеруді ұсынып отыр.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз