Мазмұнға өту

Рыбакина мен Путинцева WTA-ның жанкүйерлер сыйлығына ұсынылды

Марапат үшін маусымды әлемдік рейтингтің алғашқы жүздігінде аяқтаған 100 теннисші таласады.

Елена Рыбакина на корте
Фото: WTA

Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша WTA Awards сыйлығының «Жекелей сынақтағы жанкүйерлердің сүйіктісі» (Fan Favorite: Singles) номинациясына үміткерлердің қатарына енді. Бұл тізімде тағы бір қазақстандық бар — жылды рейтингтің 65-орнында аяқтаған Юлия Путинцева.

Биыл жанкүйерлер сыйлығына 100 теннисші — маусымды топ-100-де аяқтағандардың бәрі таласады. Рыбакинаның бәсекелестері арасында Мирра Андреева, Арина Соболенко, Кори Гауфф, Джессика Пегула, Элина Свитолина және Ига Швёнтек бар. Fan Favorite номинацияларының жеңімпаздарын жанкүйерлер WTA сайтындағы дауыс беру арқылы анықтайды. Бір күн бұрын қауымдастық жұптық номинацияға Анна Данилинаны Александра Круничпен бірге ұсынған еді.

2026 жылғы маусым 27 жастағы Рыбакинаның мансабындағы ең үздік маусым болды. Ол төрт титул жеңіп алды — Australian Open, US Open, Штутгарт пен Нинбодағы турнирлер, 54 рет жеңіп, 14 рет жеңіліп, жылды алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы ретінде аяқтады. Оған дейін Қазақстаннан бірде-бір теннисші мұндай жетістікке жеткен емес. Қазақстандық теннисші маусымда WTA-дағы жүлде қоры бойынша да көш бастады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз