Иран құрамасының қақпашысы Әлиреза Бейранванд 2026 жылғы Азияның үздік футболшысы деп танылды. Азия футбол конфедерациясы (AFC) жүлдені Бангкоктегі салтанатты рәсімде табыстады, деп хабарлайды Goal. 34 жастағы ирандық бұл жүлдені тарихта алғаш рет иеленген қақпашы болды.
Бейранванд Сауд Арабиясы чемпионатының екі жұлдызы — Фирас әл-Бурайкан мен Салем әд-Даусариды басып озды. Ол 2004 жылы Әли Каримиден кейін бұл марапатты алған алғашқы ирандық атанды. Бұған дейін ирандықтардан бұл жүлдені Ходадад Азизи (1996), Әли Даеи (1999) және Мехди Махдавикия (2003) да жеңіп алған.
Қақпашының пайдасына шешуші дәлел жазғы әлем чемпионаты болды. Иран тобында жеңілмеді: Жаңа Зеландиямен 2:2, Бельгиямен 0:0 — бұл ойында Бейранванд жеті рет қақпаны құтқарды — және Египетпен 1:1 тең түсті, бірақ доп айырмасы бойынша плей-оффқа шыға алмады. Турнирде ол барлығы 15 соққыны қайтарды. Клуб деңгейінде Бейранванд «Тракторға» Азия Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жетуге көмектесті, ал қазаннан бері «Фаджр Сепаси» сапында ойнап жүр.
Шетелде ойнайтын үздік азиялық футболшыға берілетін жүлдені екінші жыл қатарынан «Атлетико» жартылай қорғаушысы Ли Кан Ин алды. Кореялық Мадридке ПСЖ-дан өткен жазда ауысқан.



