Мазмұнға өту

«Реал» Нико Пасты жазда 80 млн еуроға қайтармақ — COPE

Қазір аргентиналық жартылай қорғаушының құны 120 млн еуро деп бағаланады, ал өткен жазда ол Италияда тағы бір маусым қалуды өзі сұраған.

Полузащитник «Комо» Нико Пас
Фото: COPE

«Реал» келесі жазда «Комо» жартылай қорғаушысы Нико Пасты қайтарып, кері сатып алу опциясын 80 млн еуроға, яғни шамамен 39,5 млрд теңгеге іске қоспақ. Бұл туралы COPE радиосының журналисі Мельчор Руис хабарлады.

COPE мәліметінше, мадридтік клубтың жоспары өткен жаздан бері өзгерген жоқ. Сол кезде «Реал» ойыншыға құқықтың 50 пайызын «Комоға» 60 млн еуроға сатқан, яғни аргентиналықтың толық құны 120 млн еуро деп бағаланды. Одан бұрын, 2024 жылы, итальяндық клуб мадридтіктердің түлегі үшін 6 млн еуро төлеген.

«Реал» Пасты өткен жазда-ақ қайтарғысы келген, бірақ мәміле футболшының өз өтінішімен жүзеге аспады: ол дамуын жалғастыру үшін Италияда тағы бір маусым қалуды сұраған. Мадридте бұған келісті, бірақ 80 млн еуроға басым сатып алу құқығын сақтап қалды. COPE жазуынша, клуб жазғы трансфер терезесі ашылған бойда осы құқықты пайдалануға бел буып отыр.

Нико Пас 2016–2024 жылдары «Реал» академиясында тәрбиеленіп, негізгі құрамға дейін жетті: оның сапында 8 ресми ойын өткізіп, гол соқты және 2023/24 маусымында үш жүлдені жеңіп алды. Осыдан кейін ол «Комоға» ауысып, А сериясындағы команданың көшбасшыларының біріне айналды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз