Мазмұнға өту

Шымкентте «Гермес Б.Е.» зауытында ауаның ластануы нормадан аспады

2026 жылдың басынан бері қалада 40-қа жуық кәсіпорын тексеріліп, айыппұлдың жалпы сомасы 525 млн теңгеден асты.

Экологическая проверка на заводе «Гермес Б.Е.» в индустриальной зоне Шымкента

Шымкентте қала әкімдігі жанындағы экологиялық комиссия «Гермес Б.Е.» ЖШС-ын тағы тексерді. Индустриялық аймақта орналасқан бұл зауыт металл сынықтарын қайта өңдеп, арматура шығарады. Тәуелсіз зертхана өндіріс алаңының бірнеше нүктесінде ауаны бес көрсеткіш бойынша, соның ішінде азот оксидтері мен шаң бойынша өлшеді. Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациядан асқаны анықталмады. «Барлық өлшеу нәтижесінде ластаушы заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген нормадан аспайтыны анықталды», — деді эколог Дияс Тастан.

Алайда экологтардың бұл зауытқа бұрын да талабы болған. 2025 жылы кәсіпорынның жұмысы үш айға тоқтатылған еді. 2026 жылы тексерушілер мұнда тағы заң бұзушылықтар тапты: атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар нормативтен асқан, қалдықтарды орналастыру мен су пайдалану талаптары да бұзылған. Компанияға 10 млн 107 мың теңге айыппұл салынып, нұсқама берілді. «Нұсқаманың орындалуы 31 желтоқсаннан кейін тексеріледі», — деді экология департаменті бөлімінің басшысы Сапар Турсынбеков.

Зауыттағылар табиғатқа зиянды азайтуға тырысып жатқанын айтады. Компания менеджері Бауыржан Ашимовтың сөзінше, балқыту цехында заманауи талаптарға сай келетін арнайы сүзгілер орнатылған. Кәсіпорын жылына шамамен 30 мың тонна арматура шығарады.

Экологтардың бақылауындағы зауыт жалғыз «Гермес Б.Е.» емес. 2026 жылдың басынан бері Шымкентте 40-қа жуық кәсіпорын тексерілді. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 525 млн теңгеден асып, алты кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Оның 286 млн теңгесі өндіріліп алынды, қалғанына компаниялар сотта дауласып жатыр. Экологтар кейбір зауыттарды тұрғындардың ауаға қатысты шағымынан кейін қайта тексереді — Polymettech пен цемент зауытында осылай болды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз