Антуан Гризманн ойнайтын «Орландо Сити» MLS плей-оффынан шықты: Шығыс конференциясының уайлд-кард ойынында команда үй алаңында «Цинциннатиге» 1:3 есебімен жеңілді. Бір күн бұрын француз лиганың маусымдағы үздік жаңа ойыншысы деп танылған еді.
26-минутта Мартин Охеда «Орландоны» алға шығарды, бірақ үзіліске екі минут қалғанда бразилиялық Эвандер пенальтиден есепті теңестірді, ал 50-минутта Том Барлоудың соққысынан кейін допты қақпаға қайта соғып енгізді. 85-минутта Самуэль Гиди қарсы шабуылда гол соғып, «Цинциннатидің» жеңісін бекітті, деп хабарлайды MLS-тің ресми сайты. «Орландо» осы кезеңде екінші жыл қатарынан тоқтап қалды.
Гризманн «Орландоға» «Атлетикодан» наурызда ауысып, шілдеде алғашқы ойынын өткізді. Содан бері ол «гол+пас» жүйесі бойынша 22 ұпай жинады (14 гол және 8 нәтижелі пас) — бұл командадағы ең жақсы көрсеткіш. Сондай-ақ ол MLS тарихында 20 нәтижелі әрекетке жылдамдығы бойынша екінші болып жеткен ойыншы атанды: оған 15 ойын жеткілікті болды. Ойыншылар, журналистер мен клубтар дауыс берген сайлауда француз 51,02% дауыс жинап, бұл жүлдені алған алғашқы француз және «Орландоның» алғашқы ойыншысы болды.
«Цинциннати» бірінші кезеңде екі жеңіске дейінгі серияда тұрақты маусымның үздік командасына берілетін Supporters’ Shield иегері «Нэшвиллмен» ойнайды. Алғашқы кездесу Астана уақытымен 23 қарашада, дүйсенбіге қараған түні сағат 02:00-де өтеді.



