Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Шевченко Стокгольмде ширек финалда Тирантеге жеңілді

ATP рейтингінде 51-орындағы аргентиналық теннисші жартылай финалда чилилік Алехандро Табиломен кездеседі.

Александр Шевченко в четвертьфинале турнира ATP в Стокгольме
Фото: Sports.kz

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Стокгольмдегі ATP 250 турнирімен қоштасты. 12 қарашада ширек финалда ол аргентиналық Тьяго Агустин Тирантеге 6:7 (5:7), 7:6 (7:5), 3:6 есебімен жеңілді. Кездесу 2 сағат 50 минутқа созылды, деп хабарлайды Sports.kz.

ATP рейтингінде Шевченко 107-орында, Тиранте 51-орында тұр. Бұған дейін олар турда кездеспеген. 13 қарашада жартылай финалда аргентиналық теннисші чилилік Алехандро Табиломен ойнайды.

Стокгольмде қазақстандық теннисші негізгі торға іріктеу арқылы өтті: онда ол Виктор Дурасовичті (6:1, 6:1) және Джейкоб Фирнлиді (6:2, 6:4) ұтты. Бірінші айналымда Шевченко Адриан Маннариноны ойсырата жеңді – 6:1, 6:3. Екінші айналымда бірінші сетті жоғалтса да, турнирдің екінші нөмірлі ойыншысы әрі өткен жылғы чемпионы Каспер Руудты ұтты – 6:7 (5), 6:4, 6:3. Tennis Majors дерегінше, Шевченко Стокгольм турнирінің ширек финалына шыққан тұңғыш қазақстандық болды.

25 жастағы теннисші ATP турнирлерінде мансабында 11-рет ширек финалға шықты, биылғы маусымда бұл оның Аделаида мен Гштаадтан кейінгі үшінші ширек финалы. Рейтингтегі ең жоғары көрсеткіші – 45-орын, оған Шевченко 2024 жылғы ақпанда көтерілген. ATP турнирлеріндегі жалғыз финалын ол 2023 жылы Мецте ойнап, француз Уго Умберге есе жіберген.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз