Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Лондонда екі иран азаматы тыңшылық ісі бойынша кінәлі деп танылды

Мостафа Сепахванд пен Фархад Джавади Манешке үкім 17 желтоқсанда Лондонның Орталық қылмыстық сотында жарияланады.

Здание Королевского суда Вулвича в Лондоне
Фото: AP

Лондондағы сот 12 қарашада Иранның екі азаматын иран барлауына көмектескені үшін кінәлі деп таныды. 41 жастағы Мостафа Сепахванд пен 46 жастағы Фархад Джавади Манеш Иран билігін сынайтын парсы тіліндегі Iran International телеарнасының журналистерін аңдыған. Вулвич Корольдік сотындағы процесс алты аптаға созылды.

Айыптаушы тараптың нұсқасы бойынша, олар 2024 жылғы тамыздан 2025 жылғы наурызға дейін Iran International журналистері Моджтаба Пурмохсен мен Камбиз Хоссейниді, сондай-ақ UK Lawyers for Israel ұйымының негізін қалаушылардың бірі Джонатан Тернерді аңдыған. Олар осы адамдарға қатысты мекенжайларға барып, фото және бейне түсірген, олар туралы мәліметті ChatGPT арқылы іздеген. Иранға ақпарат жібергені үшін оларға сыйақы уәде етілген.

Сепахванд шабуылға дайындалды деген айып бойынша да кінәлі деп танылды: айыптаушылардың пікірінше, ол кемінде бір адамға, ең алдымен сатиралық бағдарлама жүргізушісі Камбиз Хоссейниге «күш қолданып шабуыл жасауға» дайын болған. Джавади Манеш бұл айып бойынша ақталды. Үшінші айыпталушы, 57 жастағы Шапур Нури толық ақталды. Үкім 17 желтоқсанда Лондонның Орталық қылмыстық соты Олд-Бейлиде жарияланады.

Полицияның атап өтуінше, бұл Ұлыбританияның 2023 жылғы Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы бойынша Иран азаматтарына қарсы алғашқы сәтті істер. Корольдік прокуратура қызметінің ерекше қылмыстар мен терроризм жөніндегі бөлімінің басшысы Фрэнк Фергюсон: «Бұл Иран режимін сынайтындарды аңдуға арналған мұқият жоспарланған операция болды», – деді. Терроризмге қарсы полициядан Вики Эванс Ұлыбританияға дұшпан мемлекеттер тарапынан төнетін қауіп артып келе жатқанын, ал Иран «делдалдарды пайдаланып, тәсілін өзгертіп отырғанын» айтты.

Тегеран тыңшылыққа қатысы барын бірнеше рет жоққа шығарған, ал Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи 2025 жылғы мамырда айыпталушылар ұсталғаннан кейін бұған «алаңдаулы» екенін айтқан. Iran International телеарнасына Иранда тыйым салынған. Лондон Митрополиттік полициясының дерегінше, бұл соңғы жылдары Ұлыбританиядағы иран журналистеріне тікелей қауіп төнуіне қатысты төртінші іс. Шілдеде британ билігі Ислам революциясы сақшылары корпусына тыйым салды, ал Иранды Англиядағы АҚШ пайдаланатын Фэрфорд әуе базасына қарсы қастандықпен де байланыстырады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз