Мазмұнға өту
2026 жылғы 12 қараша, бейсенбі

Шевченко Стокгольмде чемпиондық атағын қорғаған Руудты ұтты

Бұл — қазақстандық теннисшінің биылғы маусымда топ-20 қатарындағы ойыншыны екінші рет жеңуі.

Казахстанский теннисист Александр Шевченко во время матча с Каспером Руудом в Стокгольме

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Стокгольмдегі ATP 250 турнирінің екінші айналымында норвегиялық Каспер Руудты жеңіп, ширек финалға шықты. 11 қарашада өткен кездесу 2 сағат 19 минутқа созылып, 6:7 (5:7), 6:4, 6:3 есебімен аяқталды. Әлемдік рейтингте Шевченко 107-орында, Рууд 18-орында тұр. Норвег теннисшісі турнирге екінші нөмірмен қатысып, Стокгольмде былтыр жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап жүрген еді.

Қазақстандық бірінші сетті тай-брейкте жоғалтты, бірақ кейінгі екі партияда басым түсті. Жартылай финалға жолдама үшін ол әлемнің 51-ракеткасы, аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен кездеседі.

Стокгольм турнирі ATP 250 санатына жатады — бұл ерлердің негізгі туріндегі ең кіші санат. Жүлде қоры — 723 435 еуро, жеңімпаз 110 055 еуро мен 250 рейтинг ұпайын алады. Рууд іріктелген ойыншы ретінде сайысты бірден екінші айналымнан бастады.

Шевченко негізгі торға іріктеу арқылы өтті, ал бірінші айналымда француз Адриан Маннариноны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Бұл — қазақстандықтың маусымда топ-20 қатарындағы қарсыласты екінші рет жеңуі: наурызда Майамидегі «Мастерс» турнирінде ол сол кезде әлемнің тоғызыншы ракеткасы болған америкалық Бен Шелтонды ұтқан.

Рууд былтыр Стокгольм турнирінде чемпион атанды: финалда ол француз Уго Умберді 6:2, 6:3 есебімен ойсырата жеңіп, бұл атаққа ие болған алғашқы норвег теннисшісі болды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз