Қазақстанның жастар құрамасы 12 қарашада Шымкентте өткен жолдас кездесуде Беларусь құрдастарына 0:1 есебімен жеңілді. «Намыс» стадионындағы бірінші тайм голсыз аяқталды, ал жалғыз голды 71-минутта Александровтың пасынан кейін шабуылшы Максим Кононов соқты, деп хабарлады Беларусь футбол федерациясы.
Бұл — командалардың Шымкенттегі екі жолдас кездесуінің біріншісі. Екінші ойын 15 қарашада сол стадионда сағат 14:00-де басталады.
Бұл ойындарға жастар құрамасының бас бапкері Владимир Чебурин 23 футболшы шақырды. Тізімде «Қайраттың» сегіз ойыншысы бар, жалғыз легионер — Словакияның «Баник» клубында ойнайтын шабуылшы Шахмұрза Адырбеков.
Чебурин шәкірттері беларусь құрдастарымен маусымда да кездескен: Беларусьта өткен екі жолдас ойында қазақстандықтар алдымен Барановичиде жеңіліп, артынша Минскіде 1:2 есебімен ұтылды. Sports.kz дерегінше, 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Қазақстан D тобында он матчта төрт ұпай жинап, алтыншы орынға тұрақтады. Қазан айында құрама Ирландияға есе жіберді.



