Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Владимир Чебурин Беларусь U-21 құрамасымен өтетін екі жолдас ойынға 23 футболшы шақырды. Кездесулер 12 және 15 қарашада Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтеді.
Тізімде «Қайраттың» ойыншылары көп – сегіз адам. «Тұран» мен «Ақтөбеден» үш футболшыдан, «Астана» мен «Каспийден» екі ойыншыдан шақырылды.
Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза («Қайрат»), Абұлхайыр Әлиакбар («Алтай»), Саятхан Құсайынов («Тұран»).
Қорғаушылар: Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Данияр Ташпулатов, Адлан Нұрғалиев (бәрі – «Қайрат»), Эльхан Саидов, Темірлан Мұрзағалиев (екеуі де – «Тұран»), Нұрәлі Елемес («Каспий»), Темірлан Төребек («Тараз»).
Жартылай қорғаушылар: Мұхамедәлі Әбіш, Кәрім Махаметжан (екеуі де – «Қайрат»), Мирас Уманиязов, Әділбек Бегімов (екеуі де – «Ақтөбе»), Асан Байғалиев («Елімай»), Роман Асылбаев («Шахтер»).
Шабуылшылар: Мансұр Біркұрманов («Қайрат»), Арсен Ахметов, Мақсат Абраев (екеуі де – «Астана»), Ислам Нұрмұхаммед («Каспий»), Мирам Кікбаев («Ақтөбе»), Шахмұрза Адырбеков («Баник», Словакия).
Чебурин шәкірттері беларусьтермен екінші рет кездеседі. Маусымда екі құрама Беларусьта екі жолдас ойын өткізіп, екеуінде де қазақстандық жастар жеңіліп қалған. Қазанда жастар Еуро-2027 іріктеуінде команда Ирландияға есе жіберіп, топта соңғы орында тұр.



