Мазмұнға өту

Сариев «Ордабасы» мен «Қайсардың» кубок финалын төрелейді

Ел чемпионы «Ордабасы» алтын дубль жасауы мүмкін, ал «Қайсар» маусым қорытындысында Премьер-лигадан түсіп қалды.

Арбитры финала Кубка Казахстана по футболу 2026 года

«Ордабасы» мен «Қайсар» арасындағы Қазақстан кубогы-2026 финалын оралдық Булат Сариев бастаған төрешілер бригадасы жүргізеді. Құрамды ҚФФ-ның төрешілер комитеті бекітті. Ойын 7 қараша, сенбі күні Түркістандағы «Түркістан Арена» стадионында өтеді. Бастама – Астана уақытымен сағат 16:00-де.

Сариевке ақтөбелік Юрий Тихонюк пен павлодарлық Дмитрий Белоградов көмекші төреші ретінде көмектеседі. Резервтік төреші болып өскемендік Александр Затула тағайындалды. VAR бөлмесінде астаналық Саят Қарабаев пен оның көмекшісі таразлық Бағдат Абдуллаев отырады.

Сариев осы маусымда бұл командалардың ойынын төрелеп үлгерген: Премьер-лиганың 28-турында ол «Қайсар» – «Ордабасы» матчын жүргізген.

Шымкенттіктер мерзімінен бұрын ел чемпионы атанды, ал команданың шабуылшысы Йонсен ҚПЛ-2026-ның үздік бомбардирі болды. «Қайсар» болса чемпионат қорытындысында Премьер-лигадан түсіп қалды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз