Мазмұнға өту

Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс алды

Қазақстандық ауыр атлет қос сайыс қорытындысында 399 келі көтеріп, тек болгариялық Карлос Насарға ғана жол берді.

Казахстанский тяжелоатлет Нургиса Адилетулы с серебряной медалью чемпионата мира

Шымкенттік ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы 5 қарашада Шымкент қаласының әкімдігі хабарлады.

Әділетұлы жұлқа көтеруде 182 келі, серпе көтеруде 217 келі салмақты бағындырды. Қос сайыс қорытындысы бойынша оның нәтижесі – 399 келі. Чемпион атағын 415 келі (185 + 230) көтерген болгариялық Карлос Насар иеленді. Қола медаль 396 келі (181 + 215) нәтиже көрсеткен ирандық Али Алипурға бұйырды. Ол қазақстандық спортшыдан 3 келіге қалып қойды.

Әділетұлы әлем біріншілігінде бұған дейін де жүлде алған: 2024 жылы ол әлем чемпионы атанды, сондай-ақ Азия чемпионы атағы бар.

Нинбодағы әлем чемпионаты кесте бойынша 8 қарашаға дейін жалғасады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз