Мазмұнға өту

Абай облысында 8,4 млрд теңгенің 9 инвестициялық жобасы мақұлданды

Жобалар Семей қаласы мен облыстың төрт ауданында 695 жаңа жұмыс орнын ашуға тиіс.

Аким области Абай Берик Уали на заседании регионального координационного совета по привлечению инвестиций

Абай облысында инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі жалпы құны 8,4 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олар іске асқанда 695 жаңа жұмыс орны ашылуы тиіс. Бұл туралы 5 қарашада облыс әкімдігі хабарлады.

Жобалар Семей қаласында, сондай-ақ Аягөз, Жарма, Мақаншы және Бесқарағай аудандарында жүзеге асырылады. Олар ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік және логистика, табиғи тасты өңдеу, қонақүй бизнесі және жол бойындағы сервисті дамыту салаларын қамтиды.

Кеңес Бесқарағай ауданындағы Глуховка ауылында орналасқан «Тоқаш Ана» шипажайына электр желісін тарту жобасын да мақұлдады.

Облыс әкімі Берік Уәли мақұлданған жобаларды ерекше бақылауға алып, оларды уақытында іске асыруды тапсырды. Оның айтуынша, инвесторлардың өтініштері уақтылы қаралып, кез келген әкімшілік кедергі жойылуы керек. Жобалардың барысын облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы қадағалап, мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз