«Бавария» қақпашысы әрі капитаны, 40 жастағы Мануэль Нойер екінші ұлы дүниеге келгеннен кейін бірнеше апта өткен соң жұбайы, 26 жастағы гандболшы Аникамен айырылысты. Бұл туралы Bild-ке сілтеме жасап, Швейцарияның Blick басылымы хабарлайды.
Bild мәліметінше, айырылысу туралы шешімді Нойер қабылдаған. Қақпашының медиакеңесшісі бұл ақпаратты растаудан бас тартты, ал Аника басылымның сұрауына жауап бермеді. Германияның t-online порталы RTL-ге сілтеме жасап, жұптың қазан айының басында-ақ айырылысқанын жазады. Bunte журналының дерегінше, соңғы уақытта Нойер бірнеше рет некелік жүзіксіз көрінген, дегенмен Октоберфестте және 7 қарашадағы «Майнцпен» матч алдында оны әлі де таққан. Ерлі-зайыптылардың өздері айырылысу туралы әзірге көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.
Нойер мен қыз кезіндегі тегі Биссель болған Аника 2020 жылдан бері бірге. Олар 2023 жылдың қарашасында Тегернзеде некеге тұрып, 2025 жылдың жазында Оңтүстік Тиролде үлкен той жасады. Олардың тұңғыш ұлы Лука 2024 жылдың наурызында, екінші ұлы 2026 жылдың жазының соңында дүниеге келді. Нойер үшін бұл — екінші неке: 2017–2020 жылдары ол Нина Вайске үйленген болатын.
Қазір Нойер жарақаттан кейін қалпына келіп жатыр. Бұған дейін Bild «Бавария» қыста қақпашы сатып алмайтынын және капитан қаңтардан кешіктірмей толық сауығып кетеді деп үміттенетінін жазған еді.


