Мазмұнға өту

Өскеменде көппәтерлі үйлерге ортақ су есептегіштері орнатылып жатыр

«Сумен жабдықтау және су бұру өндірістік процестерін автоматтандыру» жобасын «АЛВИС» ЖШС жүзеге асырып жатыр, оны 2027 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған.

Прибор учёта воды: новые правила эксплуатации счётчиков в Казахстане

Өскеменде көппәтерлі үйлерде суық су есептеу тораптары ауыстырылып, көрсеткішті өзі жіберетін үйге ортақ есептегіштер орнатылып жатыр. Деректер кәсіпорынның биллинг жүйесіне нақты уақыт режимінде түседі, деп хабарлады «Өскемен Водоканал».

Жұмыс «Сумен жабдықтау және су бұру өндірістік процестерін автоматтандыру» жобасы бойынша жүргізіліп жатыр. Мердігер – «АЛВИС» ЖШС. Жобаны 2027 жылғы 30 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Есептегіштер қай үйлерде және қашан ауыстырылатынын кәсіпорын әзірге нақтыламады.

«Өскемен Водоканал» Су кодексінің 106-бабына сәйкес көппәтерлі үйлерде суды есепке алу міндетті екенін еске салды. Ол үйге ортақ есептегіш және пәтерге немесе тұрғын емес үй-жайға су кіретін жерге қойылған жеке есептегіштер арқылы жүргізіледі.

«Тұрғындардан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жұмыс жүріп жатқан кезде уақытша қолайсыздықтар болуы мүмкін», – деп өтінді «Өскемен Водоканал».

9 қарашадан бастап Қазақстанда су есептегіштеріне қатысты жаңартылған ереже күшіне енді: ақаусыз есептегіштерді ауыстырудың қажеті жоқ, ал көрсеткішті қашықтан жіберетін құрылғылар тек жаңадан орнатқанда немесе бұзылғанын ауыстырғанда міндетті. Ережеде есептегішке кім жауап беретіні де жазылған: егер үйге ортақ құрылғы су жеткізушінің балансында болмаса, оған кондоминиум объектісін басқару органы жауап береді. Тұтынушылар пломба мен жабдықты сақтауға және көрсеткішті алу мен қызмет көрсету үшін жеткізуші өкілдерін кіргізуге міндетті.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз