Мазмұнға өту
2026 жылғы 15 қараша, жексенбі

Олжас Абай марқұм әкесіне бейнежазба арнады: «Бәрі үшін рақмет»

Актер соңғы жылдары бұрынғы жаман әдеттерін тастағанын, енді алған тәжірибесімен басқалармен бөліскісі келетінін айтты.

Олжас Абай с женой Даригой Бадыковой (справа) и архивное фото из видео актёра об отце (слева)
Фото: SN.kz

Қазақстандық актер Олжас Абай Instagram парақшасында марқұм әкесіне арналған бейнежазба жариялады. «Әкешім, өзіңді қатты сағындым… Қазіргі жетістіктерімді көрсең ғой… Мен үшін қатты қуанар едің», – деп жазды ол.

Актер соңғы жылдары көп өзгергенін мойындады. «Қазір балаң көп нәрсені түсінді, талай нәрсеге көзқарасы өзгерді. Бұрынғы жаман әдеттерін тастады, өзін тәрбиелеуді, сабыр сақтауды, өмірге басқаша қарауды үйренді», – деп әкесіне тіл қатты. Абайдың айтуынша, ендігі мақсаты – алған тәжірибесімен басқалармен бөлісу. Жазбасын ол «Әкешім… бәрі үшін рақмет» деген сөзбен түйіндеді.

Олжас Абайдың Instagram-дағы бейнежазбасы:

Instagram-дағы жарияланымды қарау

Желі қолданушылары бейнежазба астындағы пікірлерде актердің әкесіне қатты ұқсайтынын айтты. Әкесінің қашан қайтыс болғанын актер жазбасында нақтыламаған.

Олжас Абай – кино актері, жұбайы Дариға Бадықовамен бірге «Ыстық ұя» және «Таптым-ау сені» фильмдерінде түскен. Жұп осы күзде шаңырақ көтерді: тойға Ерке Есмахан, RaiM және Айқын келді, ал Абай қалыңдығына ән арнады. Қараша басында актер TALK LIKE подкастында жұбайы туралы кеңінен әңгімелеп, кейін әйелін біреуден тартып алды деген сөзге жауап берді. Актрисаның өзі жуырда жеті баланы жалғыз өсірген әжесін еске алды.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз