Мазмұнға өту

Стивен Хокинг Virgin Galactic кемесімен ғарышқа ұшпақ

75 жастағы физикке кемеден орынды Virgin компаниясының басшысы Ричард Брэнсон ұсынған.

Британский физик Стивен Хокинг
Фото: «Радиоточка»

Британиялық физик әрі космолог Стивен Хокинг Virgin Galactic компаниясының кемесімен ғарышқа ұшуға жиналып жүр. 75 жастағы ғалым бұл туралы Good Morning Britain телебағдарламасына берген сұхбатында айтты. Бұл жөнінде The Times газеті хабарлады.

Хокингтің айтуынша, ол мұндай мүмкіндік болады деп күтпеген. Кемеден орынды оған Virgin басшысы Ричард Брэнсонның өзі ұсынған. «Мені ешкім алмайды деп ойлағанмын», — деді ғалым. Оның сөзінше, ғарышқа саяхат оны бақытты етер еді.

Хокинг ауыр науқасына қарамастан, 2007 жылы арнайы жабдықталған ұшақпен салмақсыздық жағдайында ұшқан. Ғарышқа сапар 2009 жылға жоспарланған, бірақ ол кезде жүзеге аспады.

Сол сұхбатта ғалым Брексит туралы да пікір білдірді. Оның ойынша, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуын Консервативтік партияның оң қанаты қалағандай қатаң түрде жүргізудің қажеті жоқ. «Бұл бізді әлемнің қалған бөлігінен оқшаулап тастайды», — деді Хокинг. Ол елге Еуропамен, әсіресе Қытаймен байланысты сақтау маңызды деп санайды.

Сондай-ақ Хокинг ЕО-дан шығу Ұлыбританияның ғылым мен инновациядағы әлемдік көшбасшы ретіндегі орнына нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз