Мазмұнға өту

Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды

ҚФФ атқару комитеті оған ФИФА, УЕФА және шетелдік ұлттық қауымдастықтармен байланысты қадағалауды тапсырды.

Қазақстан Президентінің немересі Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болды. Бұл шешімді ҚФФ Атқару комитеті 28 ақпанда кадр мәселелеріне арналған отырысында қабылдады. Бұл туралы федерация сайтында хабарланды.

ҚФФ хабарламасына сәйкес, Айсұлтан Назарбаев федерация вице-президентінің бос лауазымына міндет атқарушы болып тағайындалды. Ол халықаралық ұйымдармен — ФИФА, УЕФА және өзге елдердің ұлттық футбол қауымдастықтарымен байланысқа жауап береді.

Тағайындалғанға дейін Айсұлтан Назарбаев федерацияның жұмысын, оның ішінде бұрынғы басшысы Ерлан Қожағапановты бірнеше рет ашық сынаған. Сондай-ақ ҚФФ-ны өзі басқаруға дайын екенін айтқан.

Ерлан Қожағапанов федерацияны 2014 жылғы желтоқсаннан бастап басқарып, 2016 жылғы қазанда қызметінен кетті. 2016 жылғы қарашада ҚФФ президенті болып «Қайрат» пен КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сейілда Байшақов сайланды.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз