Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Қазақстанның U-19 құрамасы Еуро іріктеуінде Шотландиядан жеңілді

Қазақстан құрамасының жалғыз голын «Оңтүстік» жартылай қорғаушысы Дінмұхаммед Махмудов 67-минутта соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Матч Шотландия U-19 — Казахстан U-19 в Эрдри, отбор юношеского Евро-2027

Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуіндегі екінші раундтың алғашқы турында Шотландиядан 1:3 есебімен жеңілді. А лигасының A2 тобындағы ойын 11 қарашада Шотландияның Эрдри қаласында өтті. Томми Норт 45 және 48-минуттарда екі гол соқса, 78-минутта Льюис Гилли тағы бір доп салды. Қазақстан құрамасынан 67-минутта Дінмұхаммед Махмудов көзге түсті.

Топтағы екінші ойында Бельгия Косовоны 2:0 есебімен ұтты. Шотландия мен Бельгия үш ұпайдан жинады, ұпайсыз Қазақстан үшінші орында тұр, ал Косово кесте соңында. Тимур Қасымов шәкірттері 14 қарашада Бельгиямен ойнайды, 17 қарашада Косовомен кездесіп, турнирді аяқтайды. А лигасында қалып, Еуроға жолдама үшін күресті жалғастыру үшін қазақстандықтарға топта алғашқы үштікке ену керек.

Шотландиядағы шағын турнирге Қасымов 28 ойыншы шақырды, құраманың негізін «Қайрат» футболшылары құрады. Жазда іріктеудің бірінші раундында U-19 құрамасы А лигасындағы орнын сақтап қалған еді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз