Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Таэквондошы Любовь Юн Дакарда Қазақстанға қола медаль әкелді

Бұл — Қазақстанның жасөспірімдер Олимпиадасындағы төртінші медалі, ал 12 қарашадағы финалдарда боксшылар қоржынға тағы екі жүлде қосуы мүмкін.

Казахстанская тхэквондистка Любовь Юн на юношеских Олимпийских играх в Дакаре

Қазақстандық таэквондошы Любовь Юн Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында 63 келіден жоғары салмақта қола медаль жеңіп алды. 11 қарашадағы жартылай финалда ол сербиялық Эма Зечировичке раундтар есебімен 0:2 болып жеңілді. Олимпиадалық таэквондо турнирінің ережесі бойынша жартылай финалда жеңілген екі спортшы да қола алады, сондықтан қазақстандық қыз жүлдесіз қалмады.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Юннің медалі Қазақстанның осы Ойындардағы төртінші жүлдесі болды. Бұған дейін дзюдошы Фатима Супығалиева мен велошабандоз Анель Ташбай алтын, ал триатлоншы Рамазан Айнегов қола алған.

Юн — Дакардағы таэквондо жарысында Қазақстан намысын қорғаған жалғыз спортшы. Турнирді ол норвегиялық Сара Наташа Фемер-Педерсенді 17:1 және 15:0 есебімен ойсырата жеңуден бастады. Кейін бразилиялық Рафаэла Мейрелес да Коштаны 7:2 және 11:2 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына 15–18 жастағы спортшылар қатысады, ал Дакар олимпиадалық жарыс өткізген Африкадағы алғашқы қала атанды. Қазақстанның медаль қоржыны 12 қарашада толығуы мүмкін: бокс турнирінің финалында Ақнұр Тұрсынғали мен Бибарыс Әшірбай рингке шығады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз