Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Бес күн ізделген семейлік ер адамның мәйіті далада табылды

Іздестіру жұмысына 60-тан астам полицей, 50 әскери қызметші және тракторларымен жергілікті тұрғындар қатысты.

Полицейские ведут поиски пропавшего мужчины в Бородулихинском районе области Абай
Фото: ДП области Абай

Абай облысында қараша айының басынан бері ізделген семейлік Ринат Ахметовтің мәйіті табылды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, ол 11 қарашада сағат 15:40 шамасында Бородулиха ауданындағы Нововасильевка ауылынан шамамен 35 шақырым жердегі даладан табылған. Алдын ала деректер бойынша, өлімге қатты тоңу себеп болуы мүмкін.

1982 жылы туған Ахметов 4 қарашада үйінен шығып кеткен, соңғы рет 6 қарашада таңғы сағат 5-тер шамасында хабарласқан. 7 қарашада оның 69 жастағы әкесі 102 нөміріне қоңырау шалып, іздестіруге көмек сұрады. 9 қарашада жоғалған адамның Lexus LX 570 көлігі Ертіс өзеніне жақын жердегі жырадан, сол аудандағы Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жерден табылды.

Семейлік ер адамның Lexus көлігі Бородулиха ауданындағы жырада
Фото: Абай облысының ПД

Ер адамды бес күн бойы іздеді. Іздестіру жұмысына қатысқандар:

  • 60-тан астам полицей, оның ішінде СОБР-дың 30 жауынгері;
  • ТЖД-ның 10 қызметкері;
  • 50 әскери қызметші;
  • 4 ерікті, жоғалған адамның 10 туысы мен досы.

Кәдімгі көлікпен өту қиын жерлерді тексеру үшін жергілікті тұрғындар 12 трактор берді, ал полицейлер аумақты екі квадроциклмен де аралап шықты.

Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды, сараптама тағайындалды. Полиция марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Іздестірудің аяқталғаны туралы хабарламаны полиция департаменті өзінің Telegram-арнасында жариялады:

Адамның жоғалғаны туралы 102 нөміріне кез келген уақытта хабарлауға болады — полицияға жүгіну үшін үш тәулік күтудің қажеті жоқ.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз