Қарағанды вокзалы алдындағы алаңда автобус жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Полиция мәліметінше, ПАЗ автобусының 39 жастағы жүргізушісі қала тұрғыны, 59 жастағы ер адамды қағып кеткен. Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Апаттың себебі анықталып, жүргізушіге бұлтартпау шарасы таңдалып жатыр.
«Радиоточка» материалдары бойынша.



