Мазмұнға өту
2026 жылғы 23 қараша, дүйсенбі

Жұмағұлов Дохадағы UFC кезінде: «Енді көпшілік менің деңгейімді түсінді»

UFC-дің бұрынғы жекпе-жекшісі өзін қаншама адам «жек көріп, бағаламай, уақытынан бұрын жерлегенін» еске салды.

Жалгас-Жумагулов-узнал-условие-и-дату-возвращения-в-ufc
Жалгас Жумагулов узнал условие и дату возвращения в UFC

Қазақстандық ММА жекпе-жекшісі Жалғас Жұмағұлов (19-9) Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирі кезінде Instagram-дағы сториз арқылы сыншыларына үн қатты. Сториздің мәтінін Sports.kz сақтап қалды.

«ММА-да өз деңгейлері бар. Мен төбелеске шығып, ешқашан артқа шегінген емеспін. Меніңше, енді көпшілік менің деңгейімді түсінді. Мен ешкімді бөлмеймін, ешкімнің сәтсіздігіне күлмеймін, ешкімге жамандық тілемеймін. Бірақ қаншама адамның мені жек көргенін, бағаламағанын және уақытынан бұрын жерлегенін жақсы есімде сақтаймын. Әркімнің өз жолы, өз бағасы және өз деңгейі бар. Мен жай ғана өзім болып қала беремін», — деп жазды Жұмағұлов.

Бұл сөздердің кімге арналғанын жекпе-жекші нақтыламады. Сториз Катардағы турнирде қазақстандықтар өнер көрсеткен кеші жарияланды: Дияр Нұрғожай Алик Лоренцті нокаутқа түсірді, ал Жұмағұловпен бір салмақта жұдырықтасатын Асу Алмабаев Кёдзи Хоригучиге төрешілер шешімімен жеңілді.

Жұмағұлов UFC-де 2020–2023 жылдары өнер көрсетті: бір жеңіс пен бес жеңіліс, оның бірнешеуі даулы төрешілік шешімдермен болды. UFC-ден кейін ол Oktagon MMA лигасының Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпионы атанды, ал жақында белбеуінен бас тартып, Oktagon-нан кететінін мәлімдеді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз