Мазмұнға өту
2026 жылғы 22 қараша, жексенбі

Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA белбеуінен бас тартып, лигадан кетеді

Жұмағұлов Oktagon-да Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпион атанып, атағын бір рет қорғап үлгерді.

Сенсацией-обернулся-бой-Жалгаса-Жумагулова-за-титул-в-«европейском-ufc»
Сенсацией обернулся бой Жалгаса Жумагулова за титул в «европейском UFC»

Қазақстандық жекпе-жекші Жалғас Жұмағұлов Oktagon MMA-ның ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен бас тартып, еуропалық лигадан кетуге шешім қабылдады. Бұл туралы ол промоушен басшылығына хабарлап қойған, деп жазады Informsports.kz.

Басты себеп — қарсыластар. Жұмағұловтың айтуынша, дивизионда ол салмақ қууға тұрарлықтай жекпе-жекші қалмаған. Тек бразилиялық Игор Северино үшін ғана ерекшелік жасар еді: «Мен: «Егер Северино менің салмағыма түссе, еш мәселесіз шығамын» дедім. Олар қазір 25 желтоқсанға жекпе-жек ұсынған еді, мен бас тарттым».

Oktagon-да қазақстандық 2024 жылдың қарашасында Аарон Эбиді жеңіп, дебют жасады. 2025 жылдың маусымында Бено Адамияны ұтып, лиганың Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпионы атанды, ал желтоқсанда Давид Дворжакты техникалық нокаутпен жеңіп, белбеуін қорғап қалды.

2026 жылдың маусымында Жұмағұлов бір санат жоғары салмақта екінші атақты алуға талпынды. Дәл сол Севериномен болған жекпе-жек нәтижесіз деп танылды: екінші раундта бразилиялық шапқа тыйым салынған соққы жасады. Кейін қазақстандық бокс рингіне де шықты: Ташкенттегі IBA Nomad сериясында ол Асрор Ақпарходжаевқа есе жіберді.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз