Қазақстанның таэквондодан жасөспірімдер құрамасы Хорватия астанасында өткен Zagreb Croatia Open халықаралық турнирінде екі алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Бұл — World Taekwondo ресми күнтізбесіндегі G1 санатты жарыс: мұндай турнирлерде өнер көрсеткен спортшылар әлемдік рейтинг ұпайын жинайды. Команданың нәтижесін Қазақстан таэквондо федерациясы қорытындылады.
Нұрай Амангелді 59 келіге дейінгі салмақта финалда хорватиялық Сара Рогинді жеңіп, бірінші орын алды. Екінші алтынды 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген әкелді: шешуші белдесуде ол француз спортшысы Сейни Санені ұтты. Сабина Туртулова 68 келіден жоғары салмақта финалға жетті, бірақ хорватиялық Сара Жижичке жол беріп, күміс медаль иеленді.
Федерация құраманың өнері туралы бейнежазбаны Instagram-да жариялады:
Загребтегі турнир 30-шы рет өтіп жатыр. Мерейтойлық жарыс 15 қарашада ересектердің белдесулерімен аяқталады.
Осы күндері Загребте дзюдодан Гран-при турнирі де өтіп жатыр, онда қазақстандық Серікбаев өз салмағында жеңіске жетті. Бұған дейін Қазақстанның жас таэквондошылары Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысты, онда Любовь Юн жартылай финалға өтіп, ақыры қола медаль иеленді.



