«Милан» «Реалдың» шабуылшысы Эндрикті кейін шамамен 60 млн еуроға (шамамен 29,5 млрд теңге) және бонустарға сатып алу шартымен жалға алуға дайын, деп хабарлайды Gazzetta dello Sport. Басылымның мәліметінше, мадридтіктер ойыншыны 80 млн еуроға — шамамен 39,3 млрд теңгеге кері сатып алу құқығын өзінде қалдырады.
Жарты жылдық қарапайым жалға беру «Реалды» қызықтырмайды, сондықтан «Миланның» иесі Джерри Кардинале мадридтіктер Нико Пасты «Комоға» жіберген схеманы ұсынып отыр: ойыншыны қайтарып алу құқығымен сату. Gazzetta жазуынша, итальяндықтарға Кака көмектесіп жүр. «Миланның» аңызы дерби алдында Кардиналемен бірге кешкі ас ішіп, кейін Эндрикке командада оған қандай басты рөл берілетінін айтып берген.
Биылғы маусымда Эндрик Мадридте ойын уақытын әрең алып жүр және жиірек ойнағысы келетінін ашық айтқан, сондықтан клубын қаңтарда-ақ ауыстыруы мүмкін. Бразилиялыққа тек итальяндықтар ғана емес қызығып отыр: бұған дейін оны «Фенербахче» жалға алғысы келген. «Миланның» өзі шабуылшы іздеп, «Брюггенің» ойыншысы Трезольдиге де қызығып отыр, бельгиялықтар ол үшін де 60 млн еуро сұрайды.



