Мазмұнға өту
2026 жылғы 22 қараша, жексенбі

Димаш Құдайбергенді Мехикодағы концертте жанкүйері сүйіп алды

Әншінің өзі бұл оқиғаға пікір білдірген жоқ, ал жанкүйерлер қыз оның жеке шекарасын бұзды ма деп таласып жатыр.

Поклонница целует Димаша Кудайбергена на концерте в Мехико
Фото: кадр из видео, Threads/dimashdearsai

Мехикодағы концерт кезінде жанкүйер қыз Димаш Құдайбергенді сүйіп алды. Бұл әнші «Bésame mucho» әнін орындап жатқанда болды. Бейнені dimashdearsai фан-парақшасы Threads-те жариялады, оны 114 мыңнан астам адам көріп үлгерді, енді бұл сәтті қазақстандық желі қолданушылары қызу талқылап жатыр.

Әннің атауы испан тілінен «Мені қатты сүй» деп аударылады, ал көрермен оны тура мағынасында түсінген сияқты. Бейненің авторы жазбасын қазақ, орыс және түрік тілдерінде жазған: «Кім-кімнен болса да, Димаштан мұны күтпедім» және «Бұл, әрине, өмір бойы есте қалатын сәт».

Төменде — желіде тараған бейне.

Threads-тегі жарияланымды қарау

Пікірлер екіге бөлінді. Kursiv жазғандай, кейбір қолданушылар қыз әншінің жеке шекарасын бұзды деп санап, күзет қайда қарады деп сұрап жатыр. Басылым келтірген пікірлердің бірінде: «Менің ойымша, жанкүйерлер әншінің де жеке кеңістігі болатынын білуі керек, ал сүйемін деп ұмтылу — жиіркенішті». Енді біреулер мұны әзілге айналдырды: Димаш «өзі де қарсы болмаған сияқты» деп жазып, оны тезірек елге оралуға шақырады. Әншінің өзі бұл оқиғаға әзірге көпшілік алдында пікір білдірген жоқ.

Богота әуежайында жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді қарсы алды
Фото: DimashNews

Мехикода 19 және 20 қарашада өткен екі концерт DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы бөлігін аяқтады. Соның біріншісінде Бүкіләлемдік бокс кеңесі әншіге WBC-дің құрметті белбеуін табыс етті. 21 қарашада Димаш Боготаға ұшып келді, әуежайда оны колумбиялық жанкүйерлер ту мен плакат ұстап қарсы алды, деп хабарлайды DimashNews. 22 қарашада онда әншінің Колумбиядағы алғашқы жеке концерті өтеді.

Димаш Құдайберген — Қазақстанның халық әртісі, әлемге ең танымал қазақстандық әнші. Оның Мексикадағы концерттері аншлагпен өтті, ал Мехикода ол сахнадан әлемнің соғыстан шаршағанын айтты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз