Қазақстанда тарихтағы алғашқы UFC турнирін 1 мамырда Алматыда өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Вестник ММА» телеграм-арнасы хабарлады. Арна толық мәліметтерді – жекпе-жектер картасын, арена мен турнир форматын келтірмеді.
«Вестник ММА» арнасының Алматыдағы турнир туралы жазбасы:
Күні мен қаласын әзірге UFC де, қазақстандық тарап та ресми түрде растаған жоқ. Қазан айының соңында UFC президенті Дана Уайт ұйымның Қазақстандағы турнир бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, ал туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов промоушенмен бірнеше жұмыс кездесуі өткенін айтып, келіссөз қорытындысын қараша соңында жариялауға уәде берді.
Қазақстан ММА федерациясының басшысы Мекеев бұған дейін UFC-ге лайықты екі аренаны атаған – әрқайсысының трибунасы шамамен 12 мың көрерменді сыйғызады. Үй турнирінде кімдер шығуы мүмкін екені туралы Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров пікір білдірген еді.



