Мазмұнға өту

Рахмоновтың бапкері Қазақстандағы UFC турниріне қарсыластарды атады

Эдуард Базровтың айтуынша, қазақстандыққа бірден чемпиондық жекпе-жек берілмейді, бірақ қарсыласы рейтингтің алғашқы бестігінен болады.

Шавкат Рахмонов в Лас-Вегасе, декабрь 2024 года
Фото: Руслан Кырыкбаев

Жеңіліс көрмеген қазақстандық жекпе-жекші Шавкат Рахмоновтың (19-0) бапкері Эдуард Базров Қазақстанда өтетін UFC турнирінде «Номадқа» қарсылас болуы мүмкін бойындарды атады. Әрине, егер Шавкат оған дейін октагонға оралса. Бапкер бұл туралы «Спорт Шредингера» басылымына айтты.

«Оны тек мықты қарсыласпен ғана шығарады. Егер оған дейін бәрі жақсы болып, ол сауығып кетсе. Әзірге алысқа болжам жасамайық. Ярослав Амосов, Иэн Гэрри, Карлос Пратес, Майкл Моралес бар. Ислам Махачев те бар, бірақ ол қайтып орала ма, жоқ па — әзірге белгісіз», — деді Базров.

Бапкердің сөзінше, бірден чемпиондық жекпе-жекке үміттенудің реті жоқ: жартылай орта салмақтағы уақытша титулды Пратес пен Моралес сарапқа салады, ал кім чемпион болатыны әлі белгісіз. Базров Шон Брэди мен Джек Делла Маддаленаны да еске алды. «Топ-5-тегі біреуімен шығарады, өйткені Шавкат рейтингтің екінші орнында тұрған еді», — деп түсіндірді ол.

Қазақстандағы турнирдің өзі әлі бекітілген жоқ. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, UFC-мен келіссөздер жыл басынан бері жүріп жатыр, ал 2027–2028 жылдардағы турнир бойынша қорытынды қараша айының соңында жарияланады. Елде турнир дайындау жұмысы басталғанын қазан айында UFC басшысы Дана Уайт та айтқан болатын. Толығырақ — UFC турнирі жөніндегі келіссөздер туралы материалда.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде өткізді. Сол кезде ол ирландиялық Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді. Содан бері қазақстандық тізесіне екі рет ота жасатты, ал UFC оны дивизион рейтингінен шығарып тастады.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз