Мазмұнға өту

Android 2027 жылдан дүкеннен тыс қосымша орнатуды қатаңдатады

Жаңа ережелерді алғашқылардың бірі болып Google Play, Galaxy Store және Xiaomi дүкені бар жеті қосымшалар дүкені енгізеді.

Android-смартфон с открытым приложением Google Messages
Фото: GSMArena

Google 2027 жылғы қаңтардан бастап бүкіл әлемде Android қосымшаларын әзірлеушілерді міндетті верификациялауды енгізе бастайды. Жеке басын растамаған әзірлеушілердің бағдарламаларын сертификатталған Android смартфондарына орнату қиындайды. Бұл туралы 19 қарашада Астана уақытымен сағат 23:00-де Android Developers блогында хабарланды.

Жаһандық іске қосу жеті қосымшалар дүкенімен бірге басталады: Google Play, Galaxy Store, сондай-ақ Honor, Oppo, Xiaomi, Transsion және Vivo дүкендері. Кейін қорғаныс бірнеше ай ішінде біртіндеп барлық елдерді және сертификатталған құрылғылардағы барлық орнату көздерін қамтиды. Бұл ережелер 30 қыркүйектен бастап Бразилияда, Индонезияда, Сингапурда және Таиландта күшіне енген.

Пайдаланушылардың көбі үшін, оның ішінде Қазақстанда да, ештеңе дерлік өзгермейді. Google деректері бойынша, тіркеуден өткен әзірлеушілердің қосымшалары әлемдегі Android қосымшаларын орнатудың 99%-дан астамын құрайды. Расталмаған әзірлеушілердің бағдарламаларын орнатқысы келетіндер «кеңейтілген рәсімнен» өтуі керек. Google сипаттауынша, әзірлеуші режимін қосып, қорғанысты өшіруге ешкім көндіріп жатпағанын растау, телефонды қайта жүктеп, қайта кіру қажет. Одан кейін бір реттік бір тәулік күту кезеңі болады, содан соң өзгерісті саусақ ізімен, бет-әлпетпен немесе PIN-кодпен растайды. Белгісіз көздерден орнатуға 7 күнге немесе мерзімсіз рұқсат беруге болады, бірақ расталмаған әзірлеуші туралы ескерту бәрібір шығып тұрады.

Қосымшаларын Google Play-ден тыс таратын әзірлеушілер Android Developer Console-да аккаунт ашып, жеке басын растап, қосымшаларын тіркеуі тиіс. Google сөзіне қарағанда, бір қосымшаны тіркеу он минуттан аз уақыт алады. Студенттер мен әуесқойлар таратуы шектеулі тегін аккаунттарды тіркеу алымынсыз және жеке куәліксіз пайдалана алады. Мұндай аккаунттардың лимиті 20 құрылғыдан 50 құрылғыға дейін ұлғайтылды.

Google әзірлеушілерді верификациялау туралы 2025 жылы жариялаған. Компания мұны құрбандарын телефон арқылы зиянды бағдарлама орнатуға көндіретін алаяқтардан қорғаумен түсіндіреді. Әзірлеушілердің бір бөлігі жаңа талаптарға қарсы шықты.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз