Мазмұнға өту

Аврил Лавин алғаш рет ана атанды: әншінің қызы дүниеге келді

Әншінің өкілі ABC News арнасына Лавиннің қазір отбасымен уақыт өткізіп, сонымен қатар жаңа альбомы үстінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Певица Аврил Лавин в Музее «Грэмми» в Лос-Анджелесе
Фото: Wikimedia Commons

Канадалық әнші Аврил Лавин алғаш рет ана атанды. Complicated және Sk8er Boi әндерімен танылған 42 жастағы әнші 13 қарашада Instagram-да қызы дүниеге келгенін хабарлап, жазбасында өзінің «кішкентай ханшайымы» өмірге келгенін жазды.

Лавин жазбаға үш ақ-қара сурет қоса жариялады. Біріншісінде ол серіктесімен бірге нәрестенің кішкентай қолын ұстап тұр, екіншісінде әнші барыс өрнекті комбинезон мен сондай шаш таңғыш киген қызын бауырына басқан. Үшінші суретте скейтбордтың үстінде торкөз Vans кедтерінің үш жұбы тізіліп тұр: екеуі – үлкендердікі, біреуі – кішкентай. Скейтборд пен торкөз кедтер әншінің сахналық бейнесінің бір бөлігіне әлдеқашан айналған.

Лавин қызының есімін атамады, баланың әкесі кім екенін де айтпады. Әншінің өкілі ABC News арнасына Аврилдің отбасымен бірге уақыт өткізіп жатқанын, жаңа альбомы үстіндегі жұмысын жалғастырып, жанкүйерлеріне сүйіспеншілігі мен қолдауы үшін алғыс айтатынын жеткізді.

Бұл – Лавиннің тұңғыш баласы. Әнші бұған дейін екі рет тұрмыс құрған: Sum 41 тобының солисі Дерик Уиблимен 2010 жылы ажырасқан, ал Nickelback тобының вокалисі Чад Крюгермен 2015 жылы айырылысқан. 2023 жылы Лавин үйленуге уәделесіп жүрген музыкант Mod Sun-мен де жолын бөлді. Әншіге әлемдік даңқ әкелген – Complicated және Sk8er Boi әндері енген 2002 жылғы Let Go атты тұңғыш альбомы.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз