Мазмұнға өту

Қазақ тағамтану академиясы сиыр сүтінен бас тартуды ұсынды

Академия ғалымдары баламаны бие сүтінен көріп отыр, одан йогурт, балмұздақ, печенье, торт және шоколад жасап шығарады.

Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов сиыр сүті трансизомерлі май қышқылдарының көзі деп аталған баяндама жасап, академияның бие сүтінен жасалған жаңа өнімдер желісін таныстырды.

Баяндамаға сәйкес, транс майлар тәуліктік калорияның 2 пайызын құраса, жүректің ишемиялық ауруының қаупі екі есеге жуық, ал жүрек-қантамыр ауруларынан кенеттен қайтыс болу қаупі 1,5 есе артады. Баяндамада сондай-ақ транс майлар жүректің ишемиялық ауруына, қатерлі ісікке және қант диабетіне темекі шегуден, ішімдіктен және аз қозғалудан да қаттырақ әсер етеді делінген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы транс майларды тұтынуды тәуліктік калорияның 1 пайызына дейін азайтуды ұсынады. Кеден одағының техникалық регламенті бойынша сүт майын алмастырғыштарда, жұмсақ және сұйық маргариндерде транс майлардың рұқсат етілген деңгейі 8 пайыз, ал 2018 жылдан бастап 2 пайызға дейін төмендеуі тиіс.

Академия ғалымдары сиыр сүтіне балама тапқанын мәлімдеді. «Бие сүті — біздің барлық өнімдеріміздің негізі», — деді Шарманов. Оның айтуынша, әлемде шоколадты сиыр сүтімен жасайды, ал транс майсыз өнімдердің «бәрі пальма майы негізінде». Шармановтың сөзінше, осы негізде ғарышкерлерге арналған өнімдер де жасалған. «Көп адам тамақтанып жүр, бірақ транс майдың бар екенін білмейді», — деді академик.

Академия бие сүтінен йогурт, балмұздақ, печенье, торт және шоколад шығарады.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз