Мазмұнға өту

Шымкент полициясы құқық бұзушылық туралы хабарды WhatsApp арқылы қабылдайды

Жол ережесі немесе қоғамдық тәртіп бұзылғаны туралы хабарламаға фото не бейне тіркеп, түсірілген уақыты мен орнын көрсету қажет.

Шымкенттің жергілікті полиция қызметі әлеуметтік желілерде құқық бұзушылық туралы хабарлауға арналған WhatsApp нөмірін таратты. Бұл туралы Otyrar.kz порталы хабарлады.

Мессенджер арқылы жол жүру ережесінің бұзылуы, бұзақылық және қоғамдық тәртіптің бұзылуы туралы хабарлауға болады. Хабарламаға құқық бұзушылықтың фотосын немесе бейнесін тіркеп, түсірілген нақты уақыты мен орнын көрсету керек.

Жергілікті полиция басшылығы «әр хабарлама қаралатынын», ал құқық бұзушылар заң бойынша жазаланатынын жеткізді.

Фото және бейнематериалдарды 20 наурыздан бастап жіберуге болады.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз