Мазмұнға өту

Қазақстан мен Өзбекстан аптасына 60 рейске дейін ұшуға келісті

Екі ел арасындағы басқа бағыттарда рұқсат етілген рейс саны аптасына 14-тен 20-ға дейін көбейді.

Переговоры авиационных властей Казахстана и Узбекистана о частоте рейсов

Қазақстан мен Өзбекстанның әуе компаниялары Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарының әрқайсысында аптасына 60 рейске дейін орындай алады. Екі елдің авиация билігі Ташкентте өткен келіссөзде осыған уағдаласты, деп хабарлады Қазақстан Көлік министрлігі.

Екі ел арасындағы өзге бағыттар бойынша лимит аптасына 14 рейстен 20 рейске дейін ұлғайды. Жаңа уағдаластық ірі қалалар арасындағы тұрақты әуе қатынасына қатысты, ол жолаушыларға ұшуды қолжетімді етуге тиіс.

Келіссөз «Қытай – Орталық Азия» азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының конференциясы кезінде өтті. Қазақстан атынан Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Өзбекстан атынан Өзбекстан Көлік министрлігі Әуе көлігі басқармасының бастығы Джамолиддин Назаров қатысты.

Екі ел арасындағы рейс квотасы бұған дейін де қайта қаралған. 2025 жылғы тамызда тараптар Алматы мен Астанадан Ташкентке қатынайтын бағыттарда аптасына 42 рейске дейін, ал қалған бағыттарда 14 рейске дейін рұқсат берген еді. Өзбекстан қазақстандық туристер арасында ең танымал бағыттардың бірі болып қала береді. Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынасы қалай дамып келе жатқанын жеке материалдан оқи аласыз.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз