Мазмұнға өту

Ақтөбе – Қандыағаш жолы жеңіл көліктерге де ақылы болады

Іргелес аудандардың тұрғындары жеңіл көлікке арналған жылдық абонементті 1 АЕК-ке сатып ала алады.

Реконструированная автодорога Актобе – Кандыагаш, которая станет платной

Ақтөбе – Қандыағаш автожолының 11-шақырымнан 100-шақырымға дейінгі қайта жаңартылған учаскесі ақылы Қандыағаш – Мақат трассасының құрамына енеді. 11-шақырым мен 87-шақырым аралығында жол ақысын барлық көлік, оның ішінде жеңіл автокөлік иелері де төлейді, деп хабарлады Қазақстан Көлік министрлігі.

Тиісті өзгерістер министрлік бұйрығына енгізілді. Олар алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

87-шақырым мен 100-шақырым аралығында және Қандыағаш – Мақат трассасының қалған бөлігінде бұрынғыдай тек автобустар мен жүк көліктерінен ақы алынады. Жол ақысының мөлшері жүрілген қашықтыққа, көлік санатына, жүк көтергіштігіне және төлем тәсіліне байланысты болады.

Іргелес аудандардың тұрғындарына жеңілдетілген абонемент қарастырылған. Жергілікті жеңіл көлікке жылдық абонемент 1 АЕК тұрады. Жергілікті автобустар мен жүк көліктерінің иелері санатына қарай айына 1-ден 5 АЕК-ке дейін немесе жылына 12-ден 60 АЕК-ке дейін төлейді. Жиналған қаражат жолды күтіп-ұстауға, жөндеуге және арнайы техника сатып алуға жұмсалады.

Төрт жолақты Ақтөбе – Қандыағаш жолы қайта жаңартудан кейін 2025 жылы пайдалануға берілген. Көлік министрлігі оны ақылы ету жобасын 2026 жылдың жазында талқылауға шығарған болатын.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз