Мазмұнға өту
2026 жылғы 11 қараша, сәрсенбі

Өзбекстанға 10 айда Қазақстаннан 2,7 млн турист барды

Биыл Өзбекстанға келген шетелдік туристердің төрттен біріне жуығы – Қазақстан азаматтары.

Площадь Регистан в Самарканде
Фото: Wikimedia Commons

2026 жылғы қаңтар–қазан айларында Өзбекстанға Қазақстанның 2 703 401 азаматы барған. Бұл – барлық елдер арасындағы екінші көрсеткіш. Деректі Өзбекстанның Ұлттық статистика комитеті жариялады, есепке туристік мақсатпен келген шетелдіктер алынған.

Он айда Өзбекстанға барлығы 11,62 млн шетелдік келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға, яғни 1,9 млн адамға жуық көп. Көрсеткіш 2025 жылдың жалпы қорытындысына жақындап қалды: өткен жылы ел барлығы 11,7 млн турист қабылдаған. Қаңтар–қыркүйекте 10,3 млн адам есепке алынған, демек, қазанның өзінде 1,3 млн-ға жуық адам келген.

Бірінші орында бұрынғыдай Қырғызстан тұр – 3,18 млн сапар, үшінші орында – Тәжікстан, 2,55 млн. Қазақстанмен бірге үш көрші елдің үлесіне 8,4 млн-нан астам сапар тиесілі, бұл жалпы ағынның төрттен үшіне жуық. Одан кейінгі орындарда – Ресей (1,1 млн), Ауғанстан (433 мың), Қытай (430 мың), Түрікменстан (290 мың), Түркия (170 мың), Үндістан (64 мың) және Германия (51 мың).

Ведомство мәліметінше, 2025 жылдың осы кезеңінде Қазақстаннан 2,3 млн-ға жуық адам барған, яғни ағын шамамен 400 мың адамға артқан. Ол кезде де қазақстандықтар қырғызстандықтардан кейін екінші орында болатын. Бір жылда ең көп өскені – Қытайдан келетін қонақтар: олардың саны 218 мыңнан 430 мыңға дейін, яғни екі есеге жуық артты. Ресейден келген туристер шамамен 30%-ға көбейді: бір жыл бұрын олар 852 мың болған.

Екі ел арасындағы рейстер саны да артуы мүмкін. Қараша айының басында Қазақстан мен Өзбекстанның авиация билігі Ташкент – Алматы және Ташкент – Астана бағыттарындағы рейстер лимитін ұлғайтуға келісті: әр бағыт бойынша аптасына 42-ден 60-қа дейін. Басқа бағыттарда лимит аптасына 14-тен 20 рейске дейін өсті. Жаңа лимит қашан күшіне енетіні әзірге хабарланған жоқ.

Өзбекстан бірнеше жыл қатарынан келу туризмі бойынша рекорд жаңартып келеді: 2025 жылы он айда шетелдік қонақтар саны бірден 50%-ға өскен. Қазақстандықтардың көрші елге неге жаппай баратыны және екі ел қарым-қатынасы қалай өзгергені туралы airpress.kz бөлек материалда жазған.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз