Мазмұнға өту

«Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды

Қанат Сұлтанбеков 22 ақпанда Астанада ұсталды, қылмыстық іс қай бап бойынша қозғалғаны әзірге айтылмай отыр.

Иллюстрация к новости об аресте бывшего зампреда «Казахстан инжиниринг»
Фото: «Радиоточка»

Астанадағы сот «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті екі айға қамауға алды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, ақпаратты Sputnik Қазақстан таратты.

Бұлтартпау шарасына Астананың Есіл аудандық №2 соты санкция берді. «Бұлтартпау шарасы – қамауға алу екі айға таңдалды», – деді сотта. Қамау мерзімі – 16 сәуірге дейін.

Сұлтанбеков 22 ақпанда Астанада ұсталған. Қылмыстық іс қай бап бойынша қозғалғаны әзірге аталмай отыр.

«Қазақстан инжиниринг» сайтындағы хабарламаға сәйкес, 2017 жылғы 15 ақпанда директорлар кеңесі Қанат Танатарұлы Сұлтанбековтің компания басқармасының мүшесі әрі басқарма төрағасының орынбасары ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

«Радиоточка» материалдары бойынша.

БөлісуTelegramWhatsAppVKFacebookX

Сондай-ақ оқыңыз